— На связи! – Остановите чёрный «лексус». Направляется со стороны ДСР в сторону Бесколя с не включенными световыми приборами. Как приняли?
— Принято.
Мақсат – жазалау емес, жол мәдениетін арттыру. Өңір полицейлері “Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу шарасын өткізіп жатыр.
ЕВГЕНИЙ ШНАЙДЕР, қалалық ПБ ППБ командирі:
— Жолда дұрыс жүрмейтін жандарды анықтау мақсатында мамандар автоматтандырылған тіркеу жүйесін, жасырын патрульдер мен ұшқышсыз құрылғыларды қолдануда. Жіті бақылау жолдағы статистиканы азайтуға ықпал етеді деген ойдамыз. Жыл басынан бері өңірде 482 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 45 адам көз жұмды, 637 адам жарақат алды. Апаттардың көбі жүргізушілердің қателігінен болған.
Полицейлер үш күн ішінде 700-ге жуық құқықбұзушылық тіркеген. Оның ішінде мас күйде көлік жүргізу, бағдаршамның тыйым салатын түсіне өтіп кету және маневр ережесін бұзу деректері бар. Полицейлер жолдағы әр азаматты ережені сақтауға шақырады.