Өнеркәсіп

Іске қосылуына 11 млрд теңге бағытталған қуатты зауыт

Солтүстік Қазақстан облысындағы ірі май экстракциялық зауыты жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ. Оның іске қосылуына 11 млрд теңгеден аса инвестиция құйылды. «Масло-Дел» компаниясына тиесілі кәсіпорын өсімдік майын өндіру мен майлы дақылдарды қайта өңдеуге қауһарлы. Өндіріс ошағында қызметкерлер қазіргі заманғы жабдықтармен жұмыс істейді және тәулігіне 1,5 мың тонна шикізат өңдейді. Өсімдік майы, шрот және пеллеттер шығарады. Өнім қазірдің өзінде Ресей мен Қытайға экспортталады. Жобаны Қазақстанның Даму банкі қолдады. Осының арқасында 270 еңбек орны пайда болды. Жақын арада компания нарықтағы позициясын нығайту үшін кеңейту мен жаңғырту жұмыстарын жоспарлап отыр.