Теріскейлік палуан әлемдік додада атой салды. Сауд Арабиясында 55 елдің басын қосқан Ислам ынтымақтастығы ойындары өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде жерлесіміз Ислам Евлоев күміс жүлдеге ие болды. Грек-рим күресінің шебері дүбірлі додада үш белдесу өткізді. Ол алдымен ширек финалда Тәжікстан палуанынан басым түсті. Кейін ақтық сын жолдамасы сарапқа салынған кездесуде алжирліктің жауырынын жер иіскетті. Тек финалда басты фаворит – ирандық спортшыға есе жіберіп, жарыстың вице-чемпионы атанды.