Құқық қорғау органдары

СҚО-да есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды

Облыс полицейлері Петропавл қаласына аса ірі көлемде есірткі жеткізді деген күдікпен 35 жастағы елордалық азаматты ұстады. Ақ ұнтақ тасымалдаушы «Kia Cerato» автокөлігінің тізгінінде болған.

— Багажное отделение было открыто с помощью ключа, ключ передаю следователю. Визуально видим, что в багажнике имеется пакет полимерный.

Тәртіп сақшылары көліктің жүк салғышынан төрт түйіншек тапты. Сараптама барысында оның 600 грамнан асатын синтетикалық есірткі – α-PvP және «мефедрон» екені анықталды.

АЛМАЗ ЖӘКЕНОВ, СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары:

— Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Айта кеткен жөн, жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымнан 5 келіге жуық синтетикалық-психотроптық зат тәркіленді.

 

Жангельді Жамалиев