Құқық қорғау органдары

Қандай жағдайда бет тұмшалауға рұқсат етіледі?

Петропавлда полицейлер қоғамдық орындарда бетті толық жабатын киімдер мен аксессуарларға тыйым салу талаптарын түсіндіру жұмыстары жалғастырып жатыр. Шектеу бетперделерге, балаклаваларға, ниқабтарға және адамның тұлғасын анықтауға кедергі келтіретін жабдықтарға қатысты. Медициналық маскалар мен суықтан қорғайтын таңғыштарға шектеу жоқ. Түсіндіру жұмыстары “Заң және тәртіп” тұжырымдамасы аясында жүргізіліп жатыр.