Әскерилер тексерістен өтті. Ұлттық ұланның “Орталық” өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде кешенді инспекторлық тексеріс жүріп жатыр. Петропавлдағы 6637 әскери бөлімінде жауынгерлік әзірлік, жеке құрамның кәсіби дайындығы, техникалық қамтамасыз етілуі, оқу атыстары, іс қағаздарын жүргізу сапасы мен әскери тәртіптің сақталуы жіті бақылаудан өтті. Қорытынды жиында инспекторлық топ мүшелері оң баға берді. Сонымен қатар, жауынгерлік дайындық пен кәсіби біліктілікті арттыру және базаны нығайту бойынша ұсыныс айтты