Аптадағы маңызды жаңалықтарҚоғамТЖ

Абайлаңыз, мұз жұқа!

Өңірімізге қар түсіп, өзен-көл бетін мұз басса болды, оның үстіне шығатын жандардың саны артады. Олардың ішінде балықшылар да, балалар да бар. Бірақ, бұл қаншалықты қауіпсіз?

ҰЛАН ЫДЫРЫС, ТІЛШІ:

— Өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай, алғашқы мұз көзге қалың болып көрінгенімен тіпті менің салмағыма шыдамай сырт-сырт етуде. Сол себептен, қазіргі таңда төтеншеліктер мұздың үстінде жүруге, сонымен қатар балық аулауға тыйым салуда.

НҰРСҰЛТАН ТӨЛЕГЕН – СҚО ТЖД бөлім инженері:

— Күз мезгілінен бастап өңірде ауа райы құбылмалы. Міне сол кезеңде өзен-көлдерде алғашқы мұз пайда болады. Оның қаупі жоғары. 1 адам үшін қауіпсіз мұз қалыңдығы 10 см-ді құрайды. Ал адамдар тобы үшін бұл көрсеткіш 20 см-ды құрауы керек. Сол себепті, қазіргі таңда мұз бетіне шығуға тыйым салынады.

Профилактикалық іс-шара барысында құтқарушылар суға түсіп кеткен жағдайда қалай әрекет ету керек екендігін де түсіндірді. Сөз соңында республикалық статистика ұсынамыз. Елімізде биыл көктем мен күз мезгілінде мұз астынан 46 адам құтқарылған. Ал облыста мұз жарылудың салдарын суға кету жағдайлары тіркелмепті.

 

Ұлан Ыдырыс