Жазылмас дерттің қалай алдын алуға болады? Қалалық мәдениет үйінде иммундық тапшылық вирусынан қорғану турасында әңгіме қозғалды. Тағы емі жоқ аурудың салдары сөз болды. Сақтық шараларын әрдайым қаперде ұстау қажет әрі алдын алу жұмыстарына басымдық берген жөн делінді жиында. “Қарапайым дәрістер, әрине тиімді. Бірақ, ақпарат жастардың көкейінде сақталу үшін жиынды жарыс түрінде өткізген дұрыс”, – деп санайды облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталығының басшысы Мамадияр Байғұлов.
МАМАДИЯР БАЙҒҰЛОВ, облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының басшысы:
— Өңірде жыл басынан бері 90-нан астам адамнан АИТВ анықталды. Ауруға шалдыққандардың ең кішісі небәрі 5 жаста болса, үлкені 80-ге таяған. Аталған дерт қанмен, қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы және анадан балаға жұғады. Дертті жұқтырған жандар денсаулығына салғырт қарамауы тиіс. Сонда ғана ұзақ өмір сүре алады.
Жангельдi Жамалиев