Солтүстікқазақстандық жасөспірімдер елорда төрінде атой салды. 15-16 қараша күндері Астанада ашихара-каратеден ел чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 700-ден астам ұл-қыз қатысты. Біріншілікте өңір намысын 26 спортшы қорғады. Оларды үшеуі тұғырдың ең биік сатысынан көрінсе, бесеуі күміс жүлдеге ие болды. Тағы қола алғандары да бар.
ТОЙЖАН СЫЗДЫҚОВ, СҚО ашихара-карате федерациясының директоры:
— Балалар жоғары деңгейде өнер көрсетті. Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алар асулар әлі алда. Қазіргі таңда облыс бойынша 200-ден астам жас ашихара-каратемен айналысады.
Жангельдi Жамалиев