Петропавлдағы теміржол арқылы өтетін автожол өткелінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Облыс орталығы үшін маңызды нысандағы жұмыспен арнамыздың түсірілім тобы танысып қайтты. Мұндағы қауырт жұмыс 2023 жылы басталған. Жобаның жалпы құны 5 млрд теңгеден асып жығылады.
БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:
— Құрылыс жұмыстары 75 пайызға аяқталды. Нысан орталық пен Жұмысшы кентін байланыстырады. Жол өткелі 2026 жылдың жазында қолданысқа беріледі.
Бұған дейін облыс әкімі нысандағы жұмысты тексеру барысында бірнеше олқылық анықтаған болатын. Жоспарға сәйкес келмейтін тұстары да болды. Мердігер сынға лекті, ескерту алды. Бірақ, бірден олқылықтардың орнын толтырған.