СҚО-да “Заң және Тәртіп” тұжырымдамасы аясында мал ұрлығының алдын алуға бағытталған “Мал ұрысы” жедел-профилактикалық іс-шарасы бастау алды. Осы орайда полиция мен ветеринариялық қызмет өкілдері бірлесіп, малдың заңсыз қозғалысын, жасырын ет саудасын және рұқсатсыз сою деректерін анықтауға арналған рейдтік жұмыстарды күшейтті. Мобильді топтар елді мекендерді аралап, шекара маңындағы бағыттарда күдік тудыратын тасымалға тосқауыл қоюда.