Облыста сенбі мен жексенбіде бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның біреуі “Жезқазған-Петропавл” трассасының Қарлыға ауылы маңындағы бөлігінде болды. “Datsun On-Do” автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп бара жатқан адамды соғып кеткен. Өкінішке қарай, ауыл тұрғыны оқиға орнында қайтыс көз жұмды.
Тағы бір жол-көлік апатында үй жануары мерт болды. Жылқының қатысуымен болған оқиға Уәлиханов ауданында тіркелді. “Көкшетау-Омбы бағытындағы тас жолда төртаяқтыны “Jetour” маркалы автокөліктің жүргзушісі қаққан.
— Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі жолаушы аудандық ауруханаға жеткізілді. 32 және 46 жастағы азаматтар түрлі дене жарақатын алған. Олар тиісті ем-дом қабылдап, үйлеріне жіберілді. Бұл факті бойынша да тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде”. СҚО ПД баспасөз қызметі.
Ал Тайынша ауданында 26 жастағы жүргізуші ағашқа соғылды. Алдын ала болжам бойынша, ол рөлге ие бола алмай қалған. Жүргізуші түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді.