Денсаулық сақтау

СҚО-да Гонконг тұмауы анықталды

Қазан айынан бері өңірімізде ЖРВИ-дің (жедел респираторлық вирустық инфекция) 14 мыңға жуық жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24 пайызға аз. Науқастардың ең көбі – 14 жасқа дейінгі ересек балалар. Сонымен қатар, облыста H3N2 деп аталатын, яғни Гонконг тұмауының 10 дерегі анықталды.

АРМАН КҮШБАСОВ, СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

— Бұл тұмаудың алғашқы дерегі 7 қараша күні тіркелді. Науқастардың 7-еуі – бала ал 3-еуі – ересек адам. Бұл вирус жылдам тарайды. Оның басты белгілері – жоғары температура, құрғақ жөтел, әлсіздік. Сол себепті, аурудың белгілері пайда болған жағдайда дерттің одан әрі таралуын болдырмау үшін уақытылы медициналық көмекке жүгіну керек.

Мамандар тұмау мен ЖРВИ-дің таралуына мониторинг жүргізуде. Сонымен қатар, өңірде қыркүйектен вакцинация науқаны басталған болатын. Осы орайда 60 мың Гриппол плюс вакцинасы сатып алынды. Ол тек тәуекел тобына жататын адамдарға егіледі.

ГҮЛИДА ДЖАКЕЕВА – СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы: 

— Бүгінгі таңда 58 989 адам вакцинация алды. Вакцинациядан басқа спецификалық емес профилактиканы назардан тыс қалдырмау керек.

Мамандар облыс тұрғындарын мүмкіндік болса адамдар шоғырланған жерлерге бармауды, сонымен қатар, үй-жайларды үнемі желдетіп отыру керек екендігін ескертеді.

 

Ұлан Ыдырыс