БалаларМәдениет

Қаржы өкілдері теңге туралы сұрақтарға жауап берді

Теңгенің айналымға енгеніне биыл 32 жыл толып отыр. Ұлттық валюта күніне орай қаржы саласының мамандары арасында квест-викторина ұйымдастырылды. Күнделікті таудай теңгемен жұмыс істейтін қаржыгерлер төл валютаның тарихын біле ме? Сондай-ақ, Қазақстанның қаржы жүйесі туралы сұрақтарға студенттермен бірге жарыса отырып жауап іздеді.

ДАМИР ӘБДИН, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

— Біз теңгенің тарихы туралы 10 сұрақтан тұратын арнайы тапсырмалар әзірледік. Әр дұрыс жауапқа ұпай беріледі. Мақсат – осындай шараларды жиі ұйымдастыра отырып жастардың қоғамдағы белсенділігін арттыру.