Мәдениет

Алматыда VI Халықаралық түркітілдес журналистердің медиафорумы өтеді

18-19 қараша күндері Алматыда VI Халықаралық түркітілдес журналистердің медиафорумы өтеді. Шараға “Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер” тақырыбы арқау болып отыр. Жиынға Қазақстан, Орталық Азия, Еуропа елдерінен саланың жілігін шағып, майын ішкен жандар қатысады. Келелі кездесуде түркі әлемінің байланысын нығайту, мәдени мұраларды насихаттау, бауырлас халықтардың әлемдік аренадағы имиджін көтеру және тағы да басқа мәселелер қаралады. Сонымен қатар, медиафорум аясында германиялық телеарнаның редакторы қатысушыларға шеберлік сабағын өткізеді.