2023 жылы елімізде тұрғындарға қазақ тілін үйретуді мақсат еткен “Сөйле” атты ерекше жоба қолға алынды. Клубқа кез келген жастағы адам мүшелік ете алады. Олар ата тілімізді меңгеріп қана қоймайды, қазақтың мәдениетімен, салт-дәстүрімен жақынырақ танысады, ұлттық дүниетанымды бойға сіңіреді. Сабақтар “AMANAT” партиясының облыстық филиалы ғимаратында өтеді.
ЕРАСЫЛ ШҰҒАЙ, “Сөйле” жобасының оқытушысы:
— Қазақ тілін үйренгісі келетін барша жанға үйретеміз. Оның арасында өзге ұлт өкілдері де, қазақтар да бар.
Петропавлға жобаның негізін қалаушы Яков Федоров келіп, қатысушылармен жүздесті. Астаналық азамат бастаманың маңыздылығына тоқталды, қазақ тілін үйренудің жаңа әдістерімен бөлісті.
Сабақ аптасына 2 рет өтеді. Теория мен тәжірибе ұштасады. Яғни, қатысушылар бір-бірімен біліктілік арттырады. Сонымен қатар, топ шаһарды аралап, қазақ тіліне “бір табан жақындайды”.
ЯКОВ ФЕДОРОВ, “Сөйле” жобасының негізін қалаушы, Астана қаласы:
— Біз қатысушылармен мәдени орталықтарға барамыз. Сабақтың барлығы тегін жүргізіледі.
Қазіргі таңда клубта түрлі жастағы адамдар тәлім алады. Ең кішісі – 7 жаста, ал ең үлкені 50-ге таяп қалған. Оқытушылардың сөзінше, қазақ тілін үйренгісі келетін өзге ұлт өкілдері көп.
Мәдина Қаби