Қайғылы жағдай! Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Рузаевка ауылындағы жер үйлердін бірінде өрт оқиғасы тіркелді. От шарпыған аумақ 8 шаршы метрді құрайды. Баспанада жиһаз күйген. Шақырған жерге жылдам жеткен тілсіз жаумен күресуші мамандар қызыл жалынды қысқа уақыттың ішінде ауыздықтағанымен, нысан ішінен 91-ші жылы туған ер адамның денесі табылды. Әзірге марқұмның нақты неден ажал құшқаны белгісіз. Алдын ала деректерге сүйенсек, сөндірілмей қалған темекі тұқылы немесе сіріңке талы өртке себепші болуы мүмкін.