СҚО әкімдігі

СҚО мен Омбы облысы ынтымақтастық жоспарын бекітті

Орал қаласында Қазақстан мен Ресейдің XXI Халықаралық аймақаралық ынтымақтастық форумы өтті. «Кәсіби мамандықтар – экономикалық өсудің қозғаушы күші» атты дәстүрлі жиын барысында өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценко 2025–2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына қол қойды. Бұл құжат сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық және өзге де салалардағы әріптестікті нығайтуға бағытталған. Форумның пленарлық сессиясына қос мемлекет басшылары бейнебайланыс арқылы қатысты.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

— Өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ресейдің Қазақстан үшін негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктес екенін атап өтті. Біздің облыс үшін Ресей Федерациясы да басты серіктес болып табылады – өңіріміздің жалпы сыртқы сауда көлеміндегі көрші елдің үлесі 60%-дан асады. Соңғы бес жыл ішінде Солтүстік Қазақстан облысы мен Ресей арасындағы тауар айналымы 1,6 есеге өсіп, 697 млн АҚШ долларына жетті.

Өңіріміз Ресейдің шекаралас аймақтары – Омбы, Қорған және Түмен облыстарымен ғана емес, Татарстан Республикасымен де тығыз байланыста. Жергілікті кәсіпорындар ресейлік компаниялармен өнімдерін экспорттау, өндірісте қолданылатын шикізат, материалдар мен құрамдас бөлшектерді импорттау мәселелері бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді.