Жылу энергиясын үнемдеу соңғы ширек ғасыр ішінде әлем елдері үшін ең өзекті мәселенің біріне айналды. Шыны керек, өңір тұрғындары да аталған қызмет үшін жауапты серіктестікке қыруар қаржы төлейді. Бұл түйткілдің шешімін немістер ойлап тапқан. Қалалық ПИК қауымдастығының төрағасы Сергей Худяковтың бастамасымен осыдан бір апта бұрын теріскейге германиялық тапқырлар ат басын бұрды. Олар баспана иелерімен және халық қалаулыларымен кездесіп, өздерінің ұсыныстарын жеткізді.
СЕРГЕЙ ХУДЯКОВ, қалалық ПИК қауымдастығының төрағасы:
— Өздеріңіз білетіндей, Петропавлда ескі үйлер көп. Тиісінше, тұрғындарынан жаңа баспаналарға қарағанда көбірек төлем алынады. Себебі, бертін қолданысқа берілген тұрғынжайларда жылуды үнемдейтін арнайы қондырғылар орнатылған. Шетелдік мамандар бұл мәселенің шешімін тапты. Германиялықтар ескі көпқабатты үйлердің сыртын, шатырын, тіпті, жертөлесін жылуұстағыш материалмен қаптаған. Сондықтан, аталған мемлекеттің тұрғындары жылу үшін аз қаржы төлейді.
Сергей Худяковтің сөзінше, егер аталған жобаны қолға алсақ қаншама млн қаржы үнемдейміз. Себебі, тариф жыл сайын өседі. Тұрғындар бұған наразы. “Өгіз де өлмей, арба да сынбауы үшін аталған бастаманы көпке созбай қолға алу қажет”, – дейді маман.
СЕРГЕЙ ХУДЯКОВ, қалалық ПИК қауымдастығының төрағасы:
ауд 278, 2:54 Аталған жобаны жүзеге асыру арқылы олар қаржыны 80 пайызға дейін үнемдеген. Бізге осыны неге қолға алмасқа? Алдағы уақытта жауапты органдарға жолығамын. Облыстық әкімдіктің қолдауы ауадай қажет. Тұрғындар басында бізге сенбеуі мүмкін. Бірақ, үлгі ретінде бір көпқабатты баспананы жылуұстағыш материалмен қаптап, жаңартсақ, бізді қолдайтындары айдан анық.
Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде қанат жайған көрмеде жобаның жай-жапсары анық көрсетілген. Мына суреттерден қапталған 90-жылғы үйлердің адам танымастай өзгергенін көруге болады. Бастама қолға алынса, тұрғындардың қалтасы да қағылмайды, одан қалды, көпқабатты баспаналардың сырты әдемілене түседі. Бір сөзбен айтқанда, бір оқпен екі қоянды атып алуға болады.
Нұрасыл Ахмет