Қоғам

М. Жұмабаев ауданында Орман шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтті

М. Жұмабаев ауданында Орман шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты Жолдауында алдағы 5 жыл ішінде жасыл желек қорында 2 млрд, ал елді мекендерде 15 млн ағаш отырғызуды тапсырған болатын. Биыл жұмабаевтық мамандар ерледі. Олар 2 млн 700 мыңнан астам көшет екті. Мерекеге орай өткен жиында сала үздіктері марапатталды. Солардың бірі – өзінің адал еңбегімен өңірдің дамуына үлес қосып жүрген орманшы-инспектор Николай Выходцев. Оған облыс әкімінің Құрмет грамотасы табысталды.

НИКОЛАЙ ВЫХОДЦЕВ, Суворов орман шаруашылығының орманшы-инспекторы, М. Жұмабаев ауданы:

— Кезінде бір дана адам “Бақыт – таңертең сүйікті ісіңе асығып барып, кешке отбасына қуана оралу” деген екен. Бұл маған қарата айтылғандай. Мен жұмысымды жақсы көремін. Орман шаруашылығына 2011 жылы келдім. Содан бері талай өзгеріс болды: техника жаңарды, тракторлар мен өрт сөндіру жабдықтары толықты, ағаш арасындағы жолдар ретке келтірілді. Ең бастысы – адамдардың табиғатқа деген жауапкершілігі артты.