Қоғам

СҚО-да биыл мас күйде ұсталған мыңнан астам көлік жүргізуші жауапқа тартылды

Өңірде көлікті мас күйде басқарған жүргізушілердің саны азайғанымен, статистика әлі де алаңдатарлық деңгейде қалып отыр. Биыл осындай құқық бұзушылық жасаған мыңнан астам адам ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Өткен жылы құрықталған мас жүргізушілердің саны 64 адамға көп болған. Полицейлер қазір облыс жолдарында «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығын» өткізіп жатыр. Жолдағы статистикаға тоқталатын болсақ,
өңірде жыл басынан бері 482 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 45 адам қаза тауып, 637 адам жарақат алған.