Құқық қорғау органдары

Ішкі істер органдарының ардагерлері күні аталып өтілді

10 қараша күні – Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлерінің күні. Айтулы дата биыл алғаш рет Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде аталып өтті. Шара қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің мемориалына гүл қою рәсімінен басталды.

— На пятом этаже жилого дома, без страховки, рискуя жизнью, предотвратил суицид женщины, пытавшейся спрыгнуть с балкона пятого этажа.

Шара семинар-кеңеспен жалғасты. Жиынға аудандық полиция бөлімдері ардагерлер ұйымдарының төрағалары, ІІМ ардагерлері, сондай-ақ мемлекеттік «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған жандар мен жас полицейлер қатысты.

АБЫЛҒАЗЫ ҒАБДУЛЛИН – СҚО ПД бастығының орынбасары:

— Бүгінгі шара «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында өткізілуде. Жиын жастар мен аға буын өкілдері арасында тәжірибе мен білім алмасу үшін ұйымдастырылып отыр. Ардагерлер жас мамандарға үлгі көрсетіп, қызметті адал атқарудың маңыздылығын айтып отырулары қажет.

Жиын барысында сала ардагерлеріне Алғыс хаттар табыс етілді. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

 

Ақтолқын Солтанханқызы