Облыста полицейлердің бастамасымен “Жол қозғалысы қауіпсіздігі” апталығы басталды. Науқан ұл-қыздардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған. Іс-шара аясында тәртіп сақшылары қалалық №23 орта мектептің бастауыш сынып оқушыларымен кездесті. Жеткіншектерге жолға жүгіріп шығуға және оның маңында ойнауға болмайтынын айтты. Бағдаршам мен жол белгілерін қаперлеріне салды. Шенділер білім ұяларын апта бойы аралайды.
ЮЛИЯ МОТКОВА, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының инспекторы:
— Қазіргі таңда жолдың үсті тайғанақ. Көлік бірден тоқтай алмайды. Сондықтан, бағдаршамның жасыл түсіне өтер алдында немесе жаяу жүргіншілер өткелінде машинаның сізді өткізіп тұрғанына көз жеткізу қажет. Облыстық ПД рөл тізгіндеген жандардан жылдамдықты асырмауды, мас күйде көлік жүргізбеуді сұрайды. Сіздің жауапсыздығыңыздан өзгелері жапа шегуі мүмкін.