Қызыл жалынның кесірінен қып-қызыл шығынға ұшырады. Құтқарушылар Петропавлдың қақ ортасында дүйім жұрттың зәре-құтын қашырған өрт жайлы тың дерекпен бөлісті. Тілсіз жау 4 бірдей дүңгіршікті жалмаған. Мамандардың айтуынша от сымның қысқа тұйықталуынан тұтанған. Келген залалдың жалпы көлемі 10 млн теңгеге жуықтайды. Нәпақасынан айырылған кәсіпкерлер мемлекет тарапынан өтемақы төленуін талап етуде.
ЕРБОЛ МҰХАНБЕТАЛИН, СҚО ТЖД тергеу бөлімінің бастығы:
— Келген шығынның өтелуіне келетін болсақ, әлі де тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қорытындысы 10 жұмыс күнінің ішінде шығарылады. Зардап шеккен кәсіпкерлер мемлекеттен кемінде 2 млн теңге өтемақы төлеуін сұрап отыр. Бірақ, біз нақты ештеңе айта алмаймыз. Тиісті шешім тексеріс жұмыстары аяқталғаннан кейін шығарылады.