Қоғам

Беларусь аяқ киімдері сатылымда

Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына. Петропавлда Беларусь аяқ киімдерінің және Иваново тоқыма өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Беларусь шеберлерінің қолынан шыққан сапалы аяқ киімдер өзінің ыңғайлылығымен, сәнді дизайнымен, ұзақ уақытқа шыдамдылығымен ерекшеленеді. Бағалары да қолжетімді әрі сапасы еуропалық стандартқа сай. Әр келуші өз талғамына сай аяқ киім таба алады.

ИРИНА МАСЛОВА, сату жөніндегі менеджер:

— Етіктер бұзау терісінен тігілген. Қысқы аяқ киімдердың табаны тайғанамайды. Әйелдерге арналған аяқ киімдердің өлшемі 36-дан басталып 43-ке дейін жетеді. Ал ерлердікі 40-тан 46-шы өлшемге дейін.

Аяқ киімдердің бағалары да қолжетімді. Күзгі үлгілердің құны 15 000 теңгеден, ал қысқы аяқ киімдер 25 000 теңгеден басталады. Бұдан бөлек, мұнда көрпешелер де бар.

ИРИНА МАСЛОВА, сату жөніндегі менеджер:

— Оған қоса, жәрмеңкеде түйе, қой жүні және мамықтан жасалған көрпелер де бар. Сондай-ақ, жұмсақ жастықтар мен төсек-жаймалардың да түр-түрі қойылған. Біркісілік үлгіден, евро және отбасылық түрлеріне дейін әкелдік.

Жәрмеңке қаладағы Партизан көшесі, 101 мекенжайындағы ғимаратта орналасқан. Шара 16-шы қарашаға дейін жалғасады.