Алдағы жылдың алғашқы күнінде күшіне енетін жаңа Салық кодексі жер-жерде талқыланып жатыр. Маңызды өзгерістер Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында кезекті мәрте айтылды. Спикер – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Оксана Краденова. Жүргізушілер үшін жағымды жаңалық! 2026 жылы көлік салығы төмендейді. Мысалы, 10 жылдан 20 жылға дейінгі автомобиль иелері жылдағы төлемді 30% төмен жасайды. Ал одан бұрын шыққан темір тұлпарлар үшін көрсеткіш 50% азаяды.
ОКСАНА КРАДЕНОВА, Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:
— Салық есептілігі 30% қысқарады. Салық есептілігін табыс етпеген жандар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Корпоративтік табыс салығын ұсыну мерзімін ұзарту және салық есептілігін кері қайтарып алу жойылды. Барлық өзгерістер қосымша декларация арқылы енгізілетін болады.