Құқық қорғау органдары

“Қарасора-2025”: СҚО-да 5 айдың ішінде 700 келіден астам наша тәркіленді

Өңірде өткізілген “Қарасора-2025” жедел-профилактикалық шарасы маусымның 1-і мен қазанның 30-ы аралығын қамтыды. 5 айға созылған операция барысында 90-нан астам құқық бұзушылық анықталды. Оның 3-еуі – есірткі контрабандасы, 2-еуі психотроптық заттарды жарнамалау және насихаттау фактісі болып табылады. Тәркіленген нашаның жалпы салмағы 700 келіден асады. Оның 1 келіден астамы – синтетикалық есірткі. Сонымен қатар, өңірге Ақмола облысы, Астана және Павлодар қалаларынан есірткі жеткізбек болған жандарға қатысты 4 факті әшкереленді.

Асқар Мұхаметқалиев, СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы:

Жабайы өсетін қарасораны жою бойынша 1848 ұйғарым шығарылды, 201 әкімшілік хаттама толтырылды. Қоғамдық орындарда есірткі заттарын қолданған 31 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Биыл шілде айында Петропавл қаласында жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде психотроптық заттарды сатқан интернет-дүкен әшкереленді. 27 жастағы ұйымдастырушы ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.