Қоғам

Есіл ауданында электрондық кезек талондарын брондау бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Есіл ауданының Халыққа қызмет көрсету орталында электрондық кезек талондарын брондау бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жаңа сервис азаматтарға орталыққа барудың қажетті күні мен уақытын алдын ала таңдауға мүмкіндік береді. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін брондаудың бірнеше тәсілі бар: “ХҚКО” мобильдік қосымшасы және электрондық үкімет порталы арқылы. Сәтті брондаудан кейін өтініш беруші жазбаны растайтын 1414 нөмірінен SMS хабарлама алады. Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру – азаматтарға сапалы қызмет көрсету мен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып саналады. “Заман игілігін тиімді пайдалану арқылы тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға болады”, – деді Мемлекет басшысы қазан айында өткен “Digital Bridge 2025” форумында.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстан цифрландыру ісінде, әсіресе, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын цифрландыру жолында едәуір жетістікке жетті. Бірақ, бұл – алдағы үлкен жұмыстың басы ғана. Толыққанды цифрлық экожүйе жасау үшін оның іргесі берік болуға тиіс. Яғни, сапалы мәліметтер мен оны қорғайтын сенімді жүйе қажет. Жасанды интеллект технологиясын дамыту керек. Сондықтан, “Smart sity” жобасын кеңінен қолдану мәселесіне айрықша назар аударған жөн.