Қоғам

СҚО-да арпа тиелген тіркеме аударылды

Жамбыл ауданының Сенжарка ауылы маңында арпа тасымалдап бара жатқан «КамАЗ» жүк көлігінің тіркемесі сынып, жол үстіне аударылып қалған. Ол алтын дәнді Мамлют ауданындағы Дубровное ауылына апара жатыпты. Оқиға орнына «Аби жер» серіктестігінің арнайы техникасы келіп, төгілген дән жиналды, тіркеме қалыпты қалпына келіп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар 21:00-ге дейін жалғасты. Осы уақытта полицейлер жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Құқық қорғау органдары қызметкерлері жүргізушілерді көліктің техникалық жағдайын үнемі тексеріп отыруға, ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда аса мұқият болуға шақырады