Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 8-сынып оқушыларына арналған орыс тілі мен әдебиеті пәнінен интеграциялық сабақ өтті. Мұнда математика, химия, биология және өнер пәні мұғалімдері шәкірттермен бірге белорус жазушысы Янка Маврдың «Сын воды» шығармасын түрлі қырынан талдады. Пәнаралық байланыс еңбекті тереңірек меңгеруге және түрлі қорытынды шығаруға мүмкіндік берді. Мысалы, химиялық тұрғыда жастар теңіз суының теріге әсерін анықтады.
АЙМАН ИГЕНОВА, Назарбаев Зияткерліктің мектебі химия пәні мұғалімі:
— Балалар адам терісінің дестерленген суда және теңіз суында қалай өзгеретінін зерттеді. Қорытындыға келсек, тері дестерленген суда өзгерген жоқ.
Ал теңіз суы теріге кері әсер етіп, қатайтқан. Математикалық тұрғыда оқушылар қайықтардың орташа жылдамдығын есептеп, ежелгі тайпаның өмір сүру ұзақтығын анықтапты. Сонымен қатар, жастар шығармадағы кейіпкерлердің макеттерін де жасаған.
ӘДІЛХАН АСАН, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы:
— Сабақ өте қызықты өтті. Біз топқа бөлініп, математикалық есептеулер жүргіздік. Осы арқылы отбасының қанша жыл өмір сүретінін білдім. Сонымен қатар, басқа топтардың жұмысын тыңдап, пайдалы ақпарат алдық.
Интеграциялық сабақ оқушыларға да, ұстаздарға да ұнады. Олар пайдасы зор бастаманы жиі қолға алмақ.
Байболат Құлтанов