СҚО-да болашақ сақшылардың арасында спорттық сайыс өтті. “Жас сақшы” сыныптарының оқушылары “Динамо” спорт кешенінде бақтарын сынады. Бірі тепе-теңдік сақтай отыра шеңберді айналса, енді бірі жылдамдыққа салып, жеңіске ұмтылды.
Жарыс қорытындысы бойынша М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің командасы жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынға №17 ұлттық өркендеу мектеп-кешенінің «Жас сақшылары» көтерілсе, үшінші орынды Шал ақын ауданындағы академик Евней Бөкетов атындағы мектеп-гимназиясының шәкірттері иеленді.