Қоғам

Құбылмалы қараша

Қазан айы қалыпты ауа райымен қуантты. Ал қараша өзінің салқынымен қарып алды. Солтүстікқазақстандықтар мұндайға төзімді келсе де әлі суыққа үйрене алмай жүр. Қар жауды, айналаны көктайғақ басты. Өз кезегінде синоптиктер тұрақсыз ауа райының бірнеше күнге созылатынын айтады.

ӘСЕМГҮЛ АЙТУАРОВА, “Қазгидромет” РММ СҚОФ инженер-синоптигі:

— Екінші онкүндікте ауа температурасы минус 9-14 градусқа дейін, ал күндіз 6-11 градусқа дейін төмендейді. Кейін күндіз 0-5 градусқа дейін жылынады.

Яғни, құбылмалы ауа райы сақталады. Қарашаның соңында да температура бір көтеріліп, бір түседі деген болжам бар.

ӘСЕМГҮЛ АЙТУАРОВА, “Қазгидромет” РММ СҚОФ инженер-синоптигі:

— Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде 15-20 градусқа дейін төмендейді. Ал күндіз 0-5 градус жылыдан 7-12 градус аязға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.

Қыс таяп қалды. Қазір дауылды хабарламаларға назар аударып отыру керек. Егер жолдағы қауіп туралы хабарланса, сапарды кейінге қалдырған абзал. Себебі, дүлей жел, сүйектен өтер суық өмір мен денсаулыққа қауіпті.