Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласындағы кадрлық өзгеріс

Өңірдің денсаулық сақтау саласында кадрлық өзгеріс орын алды. Облыстық көпсалалы ауруханаға бас директордың міндетін атқарушы жаңа басшы тағайындалды. Бұдан былай бұл қызметті жерлестерімізге жақсы таныс Нұрлан Айманов атқарады. Ол бұған дейін бейінді министрлікке қарасты Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары болды. Сонымен қатар, енді ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталықты Мамадияр Байғұлов басқарады. Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы еңбек жолын Қарағанды облыстық ауруханасында бастаған. Өңіріміздің Шал ақын, Аққайың ауданында жұмыс істеді. Осы тағайындауға дейін Мамадияр Шайзадаұлы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.