СҚО әкімдігі

Петропавл қаласының әкімі азаматтарды қабылдады

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев азаматтарды қабылдады. Кездесуге келген жанның бірі – Клавдия Темирова. Нәзікжанды – көру қабілеті бойынша I топтағы мүгедек. Ол 2016 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұр. Әлі баспанаға қол жеткізе алар емес. Шаһар басшысы жауаптыларға бұл мәселені жедел қарауды тапсырды. Ал Ольга Демидова Алтынсарин көшесіндегі кәріздік сорғы станциясы жөнделгенін және Тәштітов көшесінен №20 үйдің ауласына дейінгі жол учаскесі абаттандырылғанын қалайды. Серік Мұхамедиевтің сөзінше, бүгінгі таңда бұл аумақта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Алдағы уақытта төңіректі абаттандыру жұмыстары да қолға алынады. Сонымен қатар, кездесу барысында Киров атындағы зауыттың дивидендтерін жекешелендіру және II топтағы мүгедектер үшін тұрғын үй кезегінің жылжуы сынды мәселелер қаралды. Қабылдау қорытындысы бойынша қала әкімі тиісті бөлімдерге тұрғындардың өтініштерін қарастырып, әрқайсысы бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.