Қарашада науқастанған солтүстікқазақстандықтардың саны ұлғайды. Соңғы күндері Петропавлдағы көпбейінді қалалық жәрдем ауруханасының жарақат пунктіне жүгінушілер қатары артқан. Мысалы, кеше емдеу мекемесіне көктайғақтан зардап шеккен 64 адам түскен. 21 азаматтың қатты құлағаны соншалық сүйектері сыныпты. 28 адам мұзды жолда болған көлік апатының салдарынан жарақат алған.
Ал бүгін жарақат пунктіне 9 адам жеткізілді.