“Таза жүрекпен – таза қалаға”. Бүгін Ескендір Даутов атындағы қалалық қызмет көрсету колледжінде Қоршаған орта күніне орай зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Студенттер планета, экология туралы сұрақтарға жауап берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шараларды жиі әрі сапалы өткізудің нәтижесінде жастардың бойында, кейін қоғам арасында экологиялық мәдениет қалыптастыруға болады.
УЛЬЯНА КАЧАЛОВА, студент:
— Ойын өте қызықты өтіп жатыр. Сұрақтары да жеңіл. Біздің командамыз бүгін жеңіске жетеді деп ойлаймын.
ДАМИР ӘБДИН, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:
— Байқаудың басты мақсаты – жастардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру, экологиялық сауаттылығын дамыту және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аударту.