Кеше күні бойы жауған жаңбыр бүгін қарға ұласып әрі түнде ауа температурасының төмендеуінен жердің бетін жұқа мұз жапты.
Көктайғақтың пайда болуына байланысты полицейлер күшейтілген режимге көшті. Таңнан бері облыс жолдарында арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жолда аса сақ болуды, жылдамдықты асырмай, ара қашықтықты сақтау қажеттігін ескертеді.
ЕРКЕГҮЛ ЖҮСІПБЕКОВА, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ СҚОФ жетекші маманы:
— Ауа райының күрт өзгеріп, қар аралас жаңбыр жаууына байланысты көктайғақ пайда болды. Сол себепті, баршаңызды жолда аса мұқият болуларыңызды сұраймыз. Мүмкіндік болса алыс жолға шықпауға кеңес береміз.