Мәдениет

Ауданның таланттары анықталды

Мағжан Жұмабаев ауданының таланттары бас қосты. Аудандық мәдениет үйінде “Туған жерім – Туған елім” атты гала-концерт өтті. Шараға ауылдық округтердің шығармашылық ұжымдары қатысты. Жергілікті өнерпаздар көрерменге патриоттық рухты оятатын әндер мен көркем би ұсынды. Сонымен қатар, талантты жандар ұлттық аспапта ойнап, әуезді туындылар тарту етті. Гала-концерттің соңында жүлдегерлерге қаржылый сыйлықтар табыс етілді. Ноғайбай би, Қарақоға және Таманов ауылдық округтерінің өнерлі тұрғындары үздік үштікке енді. Қалған қатысушылар да назардан тыс қалмады. Оларға да алғыс хаттар мен ақшалай сыйақы берілді.