Түркістанда қазақ күресінен Әлем Кубогы өтіп жатыр. Байрақты бәсекеге 14 мемлекеттен келген 100-ге жуық спортшы қатысуда. Жарыстың бірінші күні солтүстікқазақстандық палуан Дмитрий Динер қола медаль еншіледі. Жүлде жолында ол 4 спортшымен белдесті. 3 қарсыласының жауырынын жер иіскетті. Тек жартылай финалда жеңіске сынық сүйем ғана жетпей қалды. Айта кету керек, теріскейлік спортшы қараша айында өтетін ел чемпионатында өңір намысын қорғайды.