Өнеркәсіп

Петропавлда мал азығының ашытқысы шығарылатын зауыттың құрылысы басталады

Биыл Петропавлда мал азығының ашытқысы шығарылатын зауыттың құрылысы басталады. Италиялық «PROSOL» компаниясының қаржы құюымен салынатын кәсіпорынның жылдық қуаттылығы 3 мың тоннаны құрамақ. Жобаның қалпы құны – 4 млрд теңге. Маңызды бастаманың жүзеге асуының арқасында 40 адам жұмыспен қамтылады. Бұл жайлы облыстық әкімдік қабырғасында бейінді басқарма басшысы, «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының басшылығы және теріскейді таңдаған инвестор арасында өткен кездесуде айтылды. Қоса кетейік, ашытқы дамыған елдерде мал шаруашылығында, агроөнеркәсіп кешенінде кеңінен қолданылады.