Қоғам

“Petro-Puh” ЖШС ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының наградасымен марапатталды

“Petro-Puh” серіктестігінің негізін қалаушы және басшысы Константин Воронов «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жоғары ведомстволық наградасы – ІІІ дәрежелі «Іске адалдығы үшін» медалімен марапатталды. 2019 жылы ашылғын кәсіпорын қазіргі күні ішкі нарықта ғана емес, шекара сыртында да танымал. Жергілікті өнім Еуропа елдеріне және Қытайға асады.

КОНСТАНТИН ВОРОНОВ, «Petro-Puh» ЖШС басшысы:

— Осы уақыт ішінде біздің сапа тек жақсара түсті. Жұмысымның алға басуы өзімнің 20 жылдық тәжірбиемнің арқасында деп ойлаймын. Кәсіпорындағы техникалардың дені немістікі. Бізде жуу, кептіру, сондай-ақ сұрыптау машиналарынан бастап бүкіл желінің толық циклі бар.

Өндіріс орнында 7 қызметкер еңбек етеді. Бүгінда таңда бұл серіктестік мамықты өңдеу бойынша толық циклді жүзеге асырған Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын болып табылады.

КОНСТАНТИН ВОРОНОВ, «Petro-Puh» ЖШС басшысы:

— Бұл награда менің жеке еңбегім емес, бүкіл ұжымның жетістігі болып табылады. Біз аса дамымаған бағытты таңдадық. Сол арқылы өңірді елімізге, әлемге таныттық. Қазақстанда табысты, инновациялық және бәсекеге қабілетті өндіріс құруға болады.

Сонымен қатар, кәсіпкер өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдері тап болатын мәселелерді шешуге қатысып, өзін қоғам қайраткері ретінде белсенді түрде танытып жүр.

 

Ақтолқын Солтанханқызы