Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны саусақпен санарлық күнде аяқталады. Бүгінде аққайыңдар өлкесінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 99,9% жиналды. 6,5 млн тонна астық қамбаға жеткізілді. Орташа шығымдылық көрсеткіші 21,4 центнерді құрайды. Бүгінде өңір диқандары білек сыбана майлы дақылдарды жинауда. Соңғы деректерге сүйенсек, 978,8 мың гектар жерде өсірілген өнімнің 864 мыңында маңызды жұмыс аяқталған. 1 млн тоннадан астам астық бастырылды.