Құқық қорғау органдары

Өңір криминалистері 1,5 мыңға жуық зерттеу жүргізді

Өткен 9 айдың ішінде Солтүстік Қазақстан облысында криминалистер 1159 қылмыс орнын қарауға қатысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Погон таққан ғалымдардың” араласуымен 427 қол ізі, 263 трасологиялық із, 148 биологиялық дәлел алынған. Дактилоскопиялық есептер базасы 70 қылмыстың, соның ішінде 19 денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 8 автокөлік ұрлығы және 25 ұрлық дерегінің ашылуына мүмкіндік берді. Криминалистикалық сараптамада заманауи технологиялар кеңінен қолданылады. Мәселен, бейнежазбаларды талдау және биометриялық белгілер арқылы тұлғаны анықтау жүйесі жыл басынан бері 18 күдіктінің тұлғасын анықтауға көмектесті.