Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

“Шын жүректен” жобасы аясында денсаулық сақтау саласында жемісті еңбек еткен жерлестерімізге құрмет көрсетілді. “Qyzyljar” креатив орталығында облыстық ардагерлер кеңесіне мүшелік ететін бұрынғы ақ халатты абзал жандар мадаққа ие болды. Құрметті қонақтар төрден орын алды. Олардың өмір жолы, қызметі туралы айтылды. Денсаулық – ешқандай ақшаға да, алтынға да сатып ала алмайтын құнды дүние. Ал науқастарды емдеп, өмірін өлімнен арашалап қалып жүрген мамандардың еңбегі орасан зор.

АЗАМАТ МАҒЗҰМОВ, СҚО денсаулық сақтау саласы ардагерлер кеңесінің төрағасы:

— Медицина – мен үшін үлкен әлеуметтік сала. Адамның денсаулығын дұрыстайтын, өмірін ұзартатын, адамдарға көмектесетін ерекше бір сала дер едім.

Жылы жүздесу барысында ардагерлерге жүрек түбінен шыққан жүрекжарды тілектер айтылды. Өнерпаздар да сахнадан көрінді. Бишілер мың бұрала би билеп, әншілер әсем ән шырқап, өнерлерін ортаға салды.

АНАТОЛИЙ РАФАЛЬСКИЙ, Тайынша аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

— Мен ауруханада 50 жылға жуық қызмет еттім. Біз нағыз қиын уақытта жұмыс істедік. Қондырғылар жоқ, препарат тапшы. Науқастарға көмек көрсету үшін шөптен емдік дәрілер де жасаған күндер болды. Сол себепті, өзіммен қатарлас мамандарды саланың жілігін шағып, майын ішкен жандар деп айта аламын. Еңбек жолымды Ғ.Мүсірепов ауданының ауруханасынан бастадым. Кейін Тайынша ауданына ауыстырылып, бас дәрігер атандым. Сол жерден зейнетке шықтым.

Мерекелік іс-шара соңында дәрігерлер ұйымдастырушыларға алғысын айтты. Ардагерлер жиі жүздесіп тұруға келісті.

 

Мәдина Қаби