Жерлес палуан Азия чемпионы атанды. Петропавлдық Нұрғали Тұрсынғазиев қазақ күресінен Түркістан қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. 66 келі салмақ дәрежесінде күрескен бозкілем шебері 4 кездесу өткізген. Барлық қарсыласын уақытынан бұрын тізе бүктіріп, додада топ жарды. Айта кету керек, палуан бұған дейін Әлем чемпионатында 3-ші орын иеленген және Азия кубогының жеңімпазы атанған.
НҰРҒАЛИ ТҰРСЫНҒАЗИЕВ, қазақ күресінен Азия чемпионы:
— 4 кездесу өткіздім. Бірінші кездесуде филиппиндік палуанды жеңдім. Сосын өзбекстандық, үндістандық және қырғызстандық палуандарды жеңдім.