Мәдениет

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында облыстық фестиваль өтті

“Мейірімділік пен түсіністікке жол ашық”. Осындай атаумен бүгін шаһарда облыстық өнер фестивалі өтті. Оған өңіріміздің түкпір-түкпірінен мүмкіндігі шектеулі 20-ға жуық жан қатысты.

Мүмкіндігі шектеулі болса да бұл жандар еш мойымай, түрлі сайыстарда бақ сынап келеді. Айта кететін тағы бір жайт, мұндағы қатысушылардың жасы сан алуан. Балалар да, ересектер де көрерменге өз өнерін паш ете алады. Бұл жандар тек өлең оқып, ән айтып, көпшілікті өнерімен сүйсіндіріп қана қоймай, көпке үлгі көрсетуде.

Жыл сайын ұйымдастырылатын басқосу қатысушыларға өз қабілетін танытып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бейнегүл Оспанова Бескөлден келіп отыр. Нәзікжанды “вокал” номинациясында бақ сынайды.

БЕЙНЕГҮЛ ОСПАНОВА, фестивальге қатысушы, Қызылжар ауданы:

Бірінші Бескөл ауылында өткен фестивальге қатыстым, кейін осы сайысқа келдім. Ауылдағы сайыста мен “Құстар” әнін орындадым. Бүгінде осыны орындаймын.

Фестиваль соңында қатысушылар құр қол қайтпайды. Әрқайсысы диплом және естелік сыйлықтармен марапатталады.

 

Ақтолқын Солтанханқызы