Спорт

Петропавлда жас каратешілер сынға түсті

Демалыс күндері Петропавлда Зендокай Будо карате-додан жасөспірімдер арасында ашық облыстық чемпионат өтті. Шара Республика күніне орай ұйымдастырылды. Татамиге 4 пен 17 жас аралығындағы 80-нен астам ұл-қыз шықты. Арасында Астана қаласынан келген спортшылар да бар.

АДИНА АҚАН, жарысқа қатысушы, Астана қаласы:

—”Каратемен айналысып жүргеніме бір жарым жылдың жүзі болды. Жарысқа келер алдың қатты қобалжыдым. Бірақ, татамиге шыққанда өзімді еркін сезіндім.

Мерекеге орай ұйымдастырылған жарыс каратешілер үшін маңызды болып саналады. Бұл жерде көзге түскендер облыс құрамасына алынып, түрлі деңгейдегі республикалық додаларда өңір намысын қорғайды.

АҚЖАН НӘКЕНОВ, “QaqanAcademySKO” спорт клубының жетекшісі:

— Еліміз үшін маңызды күнде жас спортшыларды жинап отырмыз. Дайындықтарына көңілім толды. Барлығы бар күштерін салуда. Облыста карате жаңа-жаңа дамып келеді. Сондықтан мұндай шараларды жиі өткізуге тырысамыз. Мүмкін осы ұл-қыздардың арасынан әлем чемпиондары шығып қалар. Осы сияқты бәсекелердің нәтижесінде спортшылардың бағы жануы да ғажап емес.

Айта кету керек, шыдамдылық пен дәлдікті қажет ететін дода 28 салмақ дәрежесі бойынша өтті.

 

Мәдина Қаби