Бұл – №594 сайлау учаскесі. Мұнда қалалық мәслихаттың №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өтіп жатыр. Сағат таңғы 7. Комиссия мүшелері халық қалаулыларын таңдау процесінің дұрыс өтуін қадағалауға сақадай сай.
МАНАР ӘБІЛОВА, №594 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы:
— Дауыс берушілер үшін кабиналар жаңа форматта дайындалған. Жалпы, учаскемізге тіркелген жан саны 1730 адамды құрады.
Жалпы, сайлау күні облыс орталығында 24 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Алғашқы болып дауыс берген жандардың бірі – Зулиха Хакимова. 90 жастағы кейуана ел үшін маңызды науқаннан қалыс қалмайды. “Дауыс беру – әр азаматтың борышы”, – дейді.
ЗУЛИХА ХАКИМОВА, қала тұрғыны:
— Біз таңдап отырған депутат ертеңгі күні біздің мұң-мұқтажымызды басшылыққа жеткізеді деген ойдамыз. Халық қалаулыларына зор үміт артып отырмыз, осыны ұмытпаса игі.
Науқан нәтижесі бойынша 5 депутат анықталды. Оның біреуі – облыстық, екіншісі қалалық мәслихат депутаты атанды. Жолы болған өзге 3 жерлесіміз Тайынша, Шал ақын және Мағжан Жұмабаев аудандарының мәслихаттарында еңбек етеді.
Ақтолқын Солтанханқызы