Білім ордасының бүгінгі қонақтары – жоғары сынып оқушылары. Кездесуге қала және өңір аудандарынан ұл-қыздар шақыртылған. Білім басқармасының өкілдері оларды ұстаздық жолды таңдауға үгіттеді. Жергілікті университеттің студенті болуға шақырды. Шыны керек, бүгінде жастардың көбі мұғалім болуды құп көрмейді. Бірақ, қазіргі таңда педагогтердің мәртебесі жыл сайын артуда.
НАТАЛЬЯ ПРОТОПОПОВА, СҚО білім басқармасы басшысының орынбасары:
— Бүгінгі шараға келгендеріңізге еш өкінбейсіздер айта аламын. Бұл кездесудің сіздерге берер пайдасы мол. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан мұғалімдерге зор қолдау көрсетілуде. Биыл шәкіртақы 84 мыңға дейін өсті. Егер ауылда жұмыс істесеңіздер 4 млн-ға дейін қаржылай көмек ала аласыздар. Қағазбастылықты жоятын жаңа реформа да дайындалып жатыр.
Шара барысында университет оқытушылары ұл-қыздармен үгіт-насихат жүргізді. Білім ордасының артықшылықтары туралы айтты. Олардың мына отырған қыз-жігіттерге ұсынары көп. Түсіндірме жұмыстарынан кейін оқушылар оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты. Әр кабинетке бас сұқты. Барлығына жергілікті білім ордасы ұнағаны көрініп тұр.
НҰРМҰХАМЕТ ҚЫДЫРГЕЛДІ, Новоишимское №2 орта мектептің оқушысы, Ғ. Мүсірепов ауданы:
— Қозыбаев университетіне осымен 2-ші рет келіп отырмын. Маған бәрінен бұрын оқу кабинеттері мен оқытушылардың баламен сөйлесуі ұнады.
Қазіргі таңда облыста 12 мыңнан астам ұстаз еңбек етеді. Оның 3 мыңы – жас маман. Осы сияқты кездесулерден кейін бұл сандар еселеп артатыны сөзсіз.
Нұрасыл Ахмет