Петропавлдағы 6637 әскери бөлімнің қызметкерлері мен сарбаздары инспекторлық тексерістен өтіп жатыр. Шара 5 жылда бір өткізіледі. Елордалық мамандар төрт күн бойы жеке құрамның төлқұжаттарынан бастап үстеріндегі киімге дейін тексереді. Физикалық, тактикалық және моральдық дайындық та назардан тыс қалмайды.
АРМАН БУТАНОВ, ҚР ҰҰ бас қолбасшылығы ТӘҚЖ бас басқармасы бастығының орынбасары:
— Әскери сарбаздар, офицерлер, келісімшарт қызметкерлері өткен пәндері бойынша тапсырма орындайды. Сол бойынша бағалар қойылады.
Тәртіп темірдей, талап қатаң. Жауынгерлер бұл жөнінен хабардар болса да қобалжулы.
ДАРЫН ЗЕЙНЕЛҒАБИДЕН, ҚР ҰҰ 6637 әскери бөлімінің сарбазы:
— Әскери борышымды өтеуге Көкшетау қаласынан келген едім. Келгеніме 4 ай болды. Жаңа үстіміздегі формамызды, қаруымызды, міндеттерімізді тексерді. Барлығын жақсы тапсырамын деп ойлаймын.
Жалпы, 6637 әскери бөлімінде 200-ге жуық сарбаз бен 400-ден астам қызметкер бар.
Мәдина Қаби